Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов жарақатына байланысты жекпе-жек өткізе алмайтын Нейт Манестің орнына жаңа қарсылас алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген 26 жастағы бразилиялық Рафаэль Эстевам болады (11-0).

Жекпе-жек 6 мамырда Ньюарк қаласында (АҚШ, Нью-Джерси) UFC 288 турнирінде өтеді.

Қазіргі уақытта Жұмағұлов алты жекпе-жек өткізіп, бір жеңіске жетіп, бес рет жеңіліп қалған.