UFC жекпе-жек промоушені 7 мамырда Нью-Джерсиде (АҚШ) өтетін UFC 288 турнирінің негізгі кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (61,2 келіге дейін) ұйым титулының иегері америкалық Алджамейн Стерлинг (22-3) екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпион отандасы Генри Сехудомен (16-2) кездеседі.

Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион (70 келіге дейін) бразилиялық Чарльз Оливейра (33-9) америкалық Бенеил Дариушпен (22-4-1) күш сынасады.

UFC 288 Негізгі кард:

Алджамейн Стерлинг (АҚШ) – Генри Сехудо (АҚШ);Чарльз Оливейра (Бразилия) – Бенеил Дариуш (АҚШ);Джессика Андраде (Бразилия) – Сяонань Янь (Қытай);Брайс Митчелл (АҚШ) – Джонатан Пирс (АҚШ);Крон Грейси (Бразилия) – Шарль Журден (Канада).