«Тобыл» қорғаушысы Боян Младович «Астанамен» (0:1) матчтан кейін пікірін бөлісті.

– Менің ойымша, тең ойын болды, қарсылас команда бізден айтарлықтай басым болды деуге келмейді. Біз бірінші таймда жақсы ойнадық, көптеген жақсы шабуыл ұйымдастырдық.

Екінші таймда қарсылас тарапынан қысым көп болды, біз сәл артқа шегінуге мәжбүр болдық, осылайша «Астананың» үздік ойыншысынан гол жіберіп алдық. Бұл голдан кейін есепті теңестіруге болар еді, Тима (Тимур Жақыпов-авт.) жақсы соққы бағыттады, бірақ бізде сәттілік серік болмады.

Біз бұл матчты ұмытып, ары қарай жылжимыз, өзіміздің ең жақсы ойынымызға оралуымыз керек. Келесі турда Шымкенттегі қиын ойынға дайындаламыз.