«Қайраттың» вице-капитаны клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 5-ші турындағы «Жетісуға» (2:3) қарсы ойын туралы пікір білдірді.– Кездесу барысында екі рет алға шықтыңыздар. Жеңісті сақтап қалу үшін командаға не жетіспеді?– Кейбір сәттерде жай ойнау керек болған шығар. Бізге әлі тәжірибе жетіспейді. Оған қоса, есепте алда болғанда сенімдірек ойнау керек.– Гол соққан сәтіңіз жайлы бір-екі ауыз сөз айтып кетсеңіз.– Ойын алдында дайындаған стандартымыз іске асты. Адик алыс бағанадан жақсы лақтырып жіберді, мен сол жерден мүлт кетуім мүмкін емес еді.– Алда – «Астанамен» матч. Ойыннан не күтесіз, команданың дайындығы қалай?– Ешкімді арнайы дайындаудың қажеті жоқ, өйткені біз чемпионаттың көшбасшысымен ойнаймыз. Дайындығымыз жақсы болады. Дайындалу үшін бір апта бар.