«Қайраттың» жартылай қорғаушысы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 5-ші турындағы «Жетісуға» (2:3) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді:

– Ойын тартысты өтті. Есепте екі рет алға шықтық. Команда өз алаңында жанкүйерлерімен бірге жеңіске жеткісі келсе де, матч соңындағы екі қатенің кесірінен ұтылдық. Қолдау көрсеткеніне оларға рақмет айтамын!

– Алаңға шығар алдында бапкерлер штабынан қандай нұсқау алдың?– Алаңға шықпас бұрын бапкер өткір пастардың арқасында алға шығып, гол соғатын мүмкіндіктер жаса деп тапсырды.

– Айып добынан әдемі гол соғып, оны беріліп тұрып атап өттің. Осы сәт туралы айтып берші. Соққан голыңды кімге арнадың?– Жаттығуда айып соққысынан теуіп, машықтанамын. Бұл ойында гол соға алғаныммен, өкінішке орай, гол нәтижеге әсерін тигізбеді.