Қытайда тұратын этникалық қазақ Сайран Нұрданбектің Майами UFC 287 турниріндегі жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды.

Айтак етейік, Сайран Нұрданбек АҚШ-та өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық Стив Гарсиядан екінші раундта нокаутпен жеңілді. Бұл - этникалық қазақтың әлемнің үздік лигасындағы екінші жеңілісі. Спортшы үш кездесуде қарсыласынан басым түскен. Белгілі болғандай, Сайран Нұрданбек Майами UFC 287 турниріндегі жекпе-жегі үшін 27 000 доллар гонорар алған (22 000 доллар - кепілдік берілген гонорар, 5 000 доллар - демеуші бонусы). Ал этникалық қазақтың қарсыласы Стив Гарсия 71 000 доллар пайда тапты. Оның 33 000 доллары кепілдік берілген гонорар, 33 000 доллары - жеңіске жеткені үшін берілген сыйақы, 5 000 доллар - демеуші бонусы.