Берік Қаниев Иманғали Тасмағамбетовтің орнына Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қаниев – қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. Ол сонымен қатар «Жас Қыран» жасөспірімдер футбол орталығының, Республикалық физика-математика мектебінің және басқа да жобалардың негізін қалаушы.

Федерацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Берік Қаниев президент ретінде елде гольф спортын дамытып, танымал етуді жоспарлап отыр.