Ресейлік «Сочи» футбол клубының бас бапкері Курбан Бердыев қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Metaratings-ке сілтеме жасап.

Курбан Бердыев «Сочи» тізгінінде РПЛ-де бес ойын өткізді: екі рет жеңіске жетіп (ЦСКА мен «Динамоны» 2:0 есебімен), үш рет жеңілді («Оренбургтан» 0:4, «Факелден» 0:3 және «Крыльев Советовтан» 1:2).

Самаралық клубтан жеңілген ойында жанкүйерлер Бердыевтің отставкаға кетуін талап еткені хабарланды.