Boxrec.com порталының хабарлауынша, Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) пен Әбілхан Аманқұлдың (2-0, 2 КО) шаршы алаңға шығатын күні өзгерді, деп жазады Prosports.kz.

Бастапқыда екі спортшы да Помонада (Калифорния, АҚШ) өтетін турнирге қатысады деп жоспарланған. Онда Нұрмағанбет 36 жастағы венесуэлалық Эбер Рондонмен (20-3, 13 КО), Аманқұл мексикалық Даниэл Эчеверриямен (21 -11, 18 КО) кездесуі керек еді.

Енді Boxrec порталы қазақстандықтар Гвадалахарада жұдырықтасатынын хабарлап отыр. Кейінгі ақпарат бойынша 6 мамырда Бек венесуэлалық Аргенис Эспаньямен (15-1, 14 КО), ал Әбілхан Мексика өкілі Хесус Моройка Паломареспен (7-2-1, 4 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұл кеште мексикалық супержұлдыз Сауль Альварес британиялық Джо Райдермен жұдырықтасып, супер орта салмақтағы абсолютты чемпион атағын қорғайды.