Қазақстан уақыты бойынша 9 сәуір күні таңертең Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өтетін UFC 287 турнирінде өнер көрсететін файтерлер дәстүрлі көз түйістіру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы UFC чемпионы бразилиялық Алекс Перейра мен осы дивизионның рейтингінде бірінші орында тұрған жаңа зеландиялық Исраэль Адесанья кездеседі.

Алдын ала карда Астана уақытымен 04:00-де басталса, прелим жекпе-жектері 06:00-ге жоспарланған. Ал негізгі кард спортшылары 08:00-де шығады. Турнирді UFC Fight Pass платформасынан мына СІЛТЕМЕ бойынша көре аласыздар.

Басты кард

Кештің басты жекпе-жегі, орта салмақтағы титулды кездесу: Алекс Перейра (83,91 кг) vs Исраэль Адесанья (83,68 кг)Жартылай орта салмақ: Гилберт Бернс (77,11 кг) vs Хорхе Масвидаль (77,56 кг)Жеңіл салмақ: Роб Фонт (61,23 кг) vs Эдриен Янез (61,46 кг)Жартылай орта салмақ: Кевин Холланд (77,33 кг) vs Сантьяго Понзиниббио (77,56 кг)Жеңіл салмақ: Рауль Росас Мл. (61,23 кг) vs Кристиан Родригес (62,36 кг)*

Прелим

Ора салмақ: Крис Кертис (84,36 кг) vs Келвин Гастелум (83,91 кг)Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ: Мишель Уотерсон-Гомез (52,61 кг) vs Луана Пиньеро (52,38 кг)Орта салмақ: Джеральд Мершарт (84,14 кг) vs Джо Пайфер (84,14 кг)Ауыр салмақ: Карл Уилльямс (109,31 кг) vs Чейс Шерман (113,17 кг)

Алғашқы прелим

Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ: Синтиа Калвилло (52,61 кг) vs Лупита Годинез (52,38 кг)Аралық салмақ (72,57 келіге дейін): Игнасио Бахамондес (72,34 кг) vs Трей Огден (72,34 кг)Жартылай жеңіл салмақ: Нұрданбек Сайран (66,22 кг) vs Стив Гарсия (65,99 кг)Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ: Джакьюлайн Аморим (52,16 кг) vs Сэм Хьюз (52,61 кг).