Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде Хамзат Чимаевқа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт Шредингера» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Еске салайық, қазақстандық файтер әлеуметтік желіде дәстүрлі қазақ киімін киіп, қасқыр терісімен безендірілген креслода отырған суретін жариялаған. «Біреулер өзін қасқырмын десе… Қасқырлар біздің астымызда», — деп жазған спортшы.

Бірнеше сағаттан кейін «Борз» лақап атымен танымал файтер Хамзат Чимаев «Өмірде қорқау болғанша, қасқыр болып жүрген құрмет» - деген пост жариялаған.