Бүгін футболдан Қазақстан Бірінші лигасының бірінші туры аясында Ақтөбе мен Астана жастар құрамалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен ақтөбелік клубтың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, матчтың 83-минутында елордалық клубтың қорғаушысы қақпашыға кері пас бергенімен, Константин Оноприенко қарапайым жағдайда әріптесіне пас бере алмай, допты өз қақпасына енгізіп алды.