Футзалдан ел біріншілігінің плей-офф кезеңінің ширек финалындағы екінші ойында «Бәйтерек» Ақтөбеден басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды.

Қосымша уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмай, кездесудің тағдыры пенальтиде шешіліп, қонақтар басым түсті.

Осылайша сериядағы есеп теңесті – 1-1.