19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Эстонияға қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 0:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Лисандра Раннасто дубль жасады.

Қазақстан үшін бұл турнирдегі екінші жеңіліс болды. Бұған дейін спортшылар Уэльс құрамасынан 2:5 есебімен жеңілген болатын.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Еуро-2023 іріктеу кезеңіндегі ойынын аяқтады.