Бразилиялық UFC файтері Алекс Перейра мен нигериялық Исраэль Адесанья орта салмақтағы титулдық жекпе-жегі алдында көз арбасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондық белбеуге жекпе-жек 9 сәуірде АҚШ-тың Майами қаласында UFC 287 турнирінде өтеді.

Алекс Перейра ММА-де 8 жекпе-жек өткізіп, 7 жеңіске жеткен. Израиль Адесанья 25 жекпе-жекте 23 жеңіске жеткен болатын.