Бүгін Асу «Зүлфиқар» Алмабаевтан кейін тағы бір болашағы зор қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC ұйымымен келісімшарт жасасқаны ресми түрде белгілі болды.

Prosports.kz тілшісі отандық файтерді әлемдегі ең үздік ММА лигасымен келісімшартқа отыруымен құттықтап, оған бірнеше сұрақ қойды.

– Азат, UFC-мен көптен күткен келісімшартқа қол қойылды, сізді осы жетістігіңізбен құттықтаймыз! Бұл оқиға сіз үшін нені білдіреді?

– Тілектеріңізге көп рақмет! UFC бала кезімнен арманым болған, қазір ол орындалды. Менің ойымша, UFC-ге бару - әрбір файтердің арманы.

– Әлемдегі ең мықты лигаға апарар жол қиын болды. UFC-ден, карьераңыздың жаңа кезеңінен не күтесіз?

– Енді бұл мені екі есе жігерлендіреді, әлемдік аренада туымызды биікке көтеру үшін бұдан да жақсы дайындаламыз.