Жақында жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Асу Алмабаев (17-2) UFC-мен келісімшарт жасасқаннан кейін АҚШ-тан тағы бір жақсы жаңалық келді. Әлемдегі ең мықты ММА промоушенімен тағы бір қазақстандық файтер Азат Мақсұм (16-0) келісімшарт жасасқаны ресми түрде жарияланды.

Осыған байланысты Prosports.kz тілшісі OCTAGON лигасының президенті және 27 жастағы отандық файтердің менеджері Нұраддин Садықовқа хабарласып, «Қазақтың» Ultimate Fighting Championship-пен келісімшарты туралы соңғы жаңалықтарды білді.

– Нұраддин, UFC Азат Мақсұммен келісімшарт жасасқаны туралы ресми түрде жарияланды. Осыған қатысты пікір білдіре аласызба?

– Бұл туралы бірнеше күн бұрын белгілі болды, бірақ біз UFC-мен кейбір процедураның аяқталуын күттік. Бүгін хабарлауға дайындалдық. Бұл өте жақсы жаңалық. Соңғы бірнеше күнде сол салмақтағы екінші қазақстандық UFC-мен келісімшарт жасасты – бұл бомба!

– Азат Мақсұмның келісімшарт бойынша шарттары қандай?

– Төрт жекпе-жекке есептелген келісімшарт.