Мансабын аяқтаған ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов үлкен спортқа оралуы мүмкін екенін хабарлады.

Хабиб әлеуметтік желідегі парақшасында жүгірген сәтінің видеосын жариялап, астына «Шілде айына дайын боламын. Бірақ ММА емес», — деп жазды Нурмагомедов.