Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Қайрат Ахметов Instagram желісіндегі парақшасында өзінің қатысуымен өтетін ONE Championship турнирі жайлы мағлұмат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық 5 мамырда Блумфилдте (Колорадо, АҚШ) өтетін ONE Fight Night 10 турнирінің толық кардын жариялады.

Ахметовтың қарсыласы австралиялық спортшы Рис Макларен (16-8) болады. Кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақ дәрежесінде промоутерлік чемпион Деметриус Джонсонның Адриано Мораеске қарсы реваншы болмақ.

Айта кетейік, 2015-2017 жылдары қазақстандық жеңіл салмақтағы белбеудің иегері болған. Соңғы жекпе-жекте жапондық Тацумицуды жеңді.