Қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы OCTAGON лигасы ресми мәлімдеді.

- Тарихта алғаш рет Қазақстанда құрылған лига әлемдегі үздік промоушенге жол салды. Азат Мақсұм OCTAGON лигасында 8 жекпе-жек өткізіп, чемпион атанды және өз салмағында болашақ ММА жұлдызы.

Біз Мақсұмның UFC-мен келісімшарт жасауын мақтан тұтамыз. Азат – OCTAGON лигасының файтерлерге беретін мүмкіндігінің жарқын үлгісі, – делінген хабарламада.