Бүгін «Баск елінің туры» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің жеңімпазы «Jumbo-Visma» командасының даниялық велошабандозы Йонас Вингегаард атанды, «Bahrain - Victorious» шабандозы испаниялық Микель Ланда мәреге екінші болып келді. Үшінші орынды «Soudal - Quick Step» командасының шабандозы швейцариялық Мауро Шмид алды.

«Астана» сапында үздік нәтижені Луис Леон Санчес көрсетті. Ол мәреге 25-болып келді.

«Баск елінің туры». Төртінші кезең. Santurtzi - Santurtzi. 175.7 км

1. Йонас Вингегор (Jumbo-Visma) - 4:22:26

2. Микель Ланда (Bahrain - Victorious) - +,,

3. Мауро Шмид (Soudal - Quick Step) - +0:02

...25. Луис Леон Санчес («Астана»)- +0:46

Жалпы есеп:

1. Йонас Вингегор (Jumbo-Visma) - 17:08:56

2. Микель Ланда (Bahrain - Victorious) - +0:12

3. Давид Гауду (Groupama - FDJ) - +0:31

....25. Луис Леон Санчес («Астана») - +2:07