Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы Алматыдағы OCTAGON 44 ивенті аясында аса жеңіл салмақта бір кездесу ұйымдастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
29 сәуірде сегізбұрышқа бұрын Дамир Төленовке өарсы титулды жекпе-жекте жеңілген тәжік файтері Шерзод Ибодиллоев (5-1) оралады. Оның қарсыласы қазақстандық тәжірибелі Дархан Сқақов (7-4) болады.
Кештің басты жекпе-жегінде промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Магомед Магомедов (11-0) титулын қазақстандық Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы кездесуде қорғайды.
Комментарии