OCTAGON лигасы қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтардың (5-2) келесі жекпе-жегі мен қарсыласын атады, деп хабарлайды Prosports.kz

Тоқтар келесі кездесуін 29 сәуірде OCTAGON 44 ивенті аясында өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы ирандық Мохаммед Реза (4-3-1) болады.

Кештің басты жекпе-жегінде промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Магомед Магомедов (11-0) титулын қазақстандық Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы кездесуде қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы