UFC-мен келісімшартқа отырған Асу Алмабаев Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады.

- Ассалаумағалейкум Қазақ елі. Осыдан 10 жыл бұрын мен базарда жұмыс істегенмін. Бұны көбіңіз жақсы білесіздер!

Содан бері UFC-ден көрінетініме еш күмәнім болмады! Аллаға шүкір, әлемдегі ең мықты промоушнмен келісімшартқа қол қойып отырмын.

Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Енді аянбай тер төгіп, елімнің абыройын асқақтатып, биік белестерден көрінуге тырысамын. Ең бастысы барлық уақытта менімен бірге болып, қолдап дұғада болыңыздар.

Бұл мен үшін өте маңызды. Осы жолда маған сенім артқан барлық жанға рахметім шексіз, - деді Асу.