Қазақстан футзал қауымдастығы ел чемпионатының плей-офф кезеңі аясындағы алғашқы ойындардан кейін үздік сұрмергендер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» ойыншысы Кайо Руис 31 гол соғып, мергендер көшін бастап тұр. Екінші орынға оның командаласы Альберт Ақбалықов (29 гол) жайғасқан. Ал үшінші орынды Дәурен Тұрсағұлов («Қайрат»), Асхат Құлбаев («Ақтөбе») және Луан Марсело («Аят») бөлісіп тұр.

Фото afckairat.kz