Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұлдың (2-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, 15 сәуірде 25 жастағы боксшы Помонада (Калифорния, АҚШ) мексикалық Даниэл Эчеверриамен (21-11, 18 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жекті Boxrec порталы екі жұлдызбен бағалап отыр.

Бұған дейінгі екі жекпе-жегінде де Әбілхан Аманқұл мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 2022 жылы 4 маусымда Миннеаполисте америкалық Девонтей Макдоналдты үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді, ал былтыр 22 қазанда Мехико қаласында жергілікті боксшы Йеассон Пачеко Сервантесті екінші раундта нокаутпен ұтты.