WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менде бір титул бар, тағы үш белбеу керек. Иншалла, оның бәрін жинаймын», – деп жазды 30 жастағы боксшы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, 13 мамырда Жәнібек чемпиондық атағын екінші рет қорғайды. Стоктонда (Калифорния, АҚШ) ол канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) кездеседі.