Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасында Испания кубогы жартылай финалының қарымта ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде мадридтік команда 4:0 есебімен жеңіске жетті. Қос ойынның қорытындысы бойынша 4:1 есебімен «Реал» Испания кубогының финалына өтті.

Финалдық кездесу 6 мамырда өтеді, қарсыласы «Осасуна» командасы.

«Барселона» (Барселона) – «Реал» (Мадрид) 0:4 (0:1)

Гол соққандар: 0:1 – Винисиус Жуниор (45+1), 0:2 – Бензема (50), 0:3 – Бензема (58, пен), 0:4 – Бензема (80)