Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делиде (Үндістан) өткен ФИДЕ Гран-при кезеңінде бірінші-үшінші орындарды (ресейлік Александра Горячкина мен қытайлық Жу Цзиньермен) бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы 11-турда қазақстандық ресейлік Екатерина Лахномен тең ойнады.

11 раундтың қорытындысы бойынша Ассаубаева, Горячкина және Жу Цзиньер алты ұпай жинады. Үздік үштік 37 000 еуро көлеміндегі жүлде қорын бөліседі.

Еске салайық, Нью-Делидегі Гран-при кезеңі 26 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтті.