Словениялық Александр Чеферин Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

УЕФА басшысын сайлау сәрсенбі күні Лиссабонда өткен ұйымның 47-ші конгресінде өтті. 55 жастағы Чеферин жалғыз үміткер болды. Қызметкердің өкілеттік мерзімі 2027 жылға дейін есептеледі.

Чеферин 2016 жылдың қыркүйегінде УЕФА басшысы болып сайланып, ұйымның жетінші президенті болды. Бұған дейін ол Словения футбол қауымдастығын басқарған.

2019 жылдың ақпанында Римде өткен УЕФА конгресінде Чеферин жаңа төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.