Футболдан Испания құрамасының бұрынғы бас бапкері Луис Энрике лондондық «Челсидің» тізгінін ұстауға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Жерар Ромероның ақпараты бойынша, Энрике сәрсенбіде «Челсимен» келісімшарт жасасу үшін Лондонға аттанған.

Екі тарап келісімшартқа алдағы бірнеше сағаттың ішінде қол қоюы мүмкін. Наурыздың аяғында Энрике Англия Премьер-лигасында жұмыс істегісі келетінін айтқан болатын.