«ПСЖ» форварды Лионель Месси жазда командадан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франциялық БАҚ мәліметінше, париждіктердің басшылығы командада Месси — Мбаппе — Неймар триосын көргісі келмейді. Сондықтан бір ойыншымен қоштасуға дайын. Жазда келісімшарты аяқталатын 35 жастағы аргентиналық командадан кетеді.

Ол осы маусымда клуб сапында барлық турнирде 33 матч өткізіп, 18 гол мен 17 нәтижелі пастың авторы атанды.