UFC ұйымы жанкүйерлеріне өз есімдерін сегізбұрышта көру мүмкіндігін ұсынатын жаңа бизнес-жоспарын жариялады.

Әлеуметтік желіде жарнама 942 долларға кез келген жанкүйердің есімін октогонда басып шығара алатынын көрсетті. Атаулар сегізбұрыштың ортасын белгілейтін жұқа қара жолаққа қойылады, бірақ теледидарда көрінетініне кепілдік берілмейді.

Дегенмен, сіздің атыңыз жазылған бөлік кесіліп, сізге жіберіледі. Бұл жаңашылдық алғашқы рет UFC 288 турнирінде сыналады. Айта кетейік, оның басты жекпе-жегінде Сехудо мен Стерлинг төбелеседі.