Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов жақында ғана жарақат алған америкалық файтер Нейт Мэнесстің орнына жаңа қарсылас тапқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қарсыласым жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты, бірақ олар бірден Нейтті алмастыратын адамды тапты. Сәуірдің аяғында ол жекпе-жекке шығуы керек еді, бірақ оның қарсыласы жарақат алып қалды, енді екеуміз төбелесеміз. Қарсылас жақсы, жас, сондықтан қызық жекпе-жек болады», - деді Жұмағұлов Instagram парақшасында.

Еске салайық, Жұмағұлов үшін бұл жекпе-жек UFC-мен келісім бойынша соңғысы болмақ.