Лиссабондағы отырысының қорытындысы бойынша УЕФА Атқарушы комитеті әйелдер арасындағы ЕУРО-2025 турнирін өткізуді Швейцария футбол одағына сеніп тапсырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франция мен Польшаның футбол қауымдастықтары да турнирді өткізуге үміткер болды, сонымен қатар Дания, Финляндия, Норвегия және Швеция елдері де бірлескен өтінім берген еді.

Еуро-2025 ойындары Швейцарияның сегіз қаласында, соның ішінде Базель, Женева және Цюрихте өтеді деп күтілуде. Турнирге 16 команда қатысады.

УЕФА Атқару комитетінің келесі отырысы 28 маусымда Ньондағы Еуропалық футбол үйінде өтеді.