Америкалық жартылай ауыр салмақтағы (77 келіге дейін) UFC файтері Белал Мұхаммад отандасы Камару Усманмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Камару Колбиді екі рет жеңді. Көпшілік оны жартылай орта салмақтағы ең мықты файтер деп есептеді. Егер мен онымен жекпе-жекке шығып, басымдықпен жеңетін болсам, ешкім мені титулдық жекпе-жекке лайық емес деп ойламайды», - деді Мұхаммед Джесси ON FIRE YouTube арнасында.

Соңғы жекпе-жекте Мұхаммед отандасы Шон Брэдиді техникалық нокаутпен жеңді.

Еске салайық, осыған дейін шыққан тегі палестин Белал Мұхаммад қазақстандық Шавкат Рахмоновпен төбелесуге құлшынысы жоқ екенін растаған болатын.