Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан турнирде бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық үнді теннисшісі Огес Джаяпракашпен ойнап, екі сетте 6:3, 7:6 жалпы есебімен жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші жекелей сында ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 945-ші орында тұр.

Айта кетейік, бұл кездесу Үндістандағы жекелей турнирдің 1/16 финалы кезеңінде өтті. Майсурдағы өткен турнирде Ломакин бірінші айналымда жеңіліп қалған болатын.