Қазақстанның үздік UFC файтері Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы қазіргі UFC чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен білмеймін. Ислам Махачев біздің салмақ дәрежесіне көтерілсе, мен чемпион атансам, ол жекпе-жекке шыққысы келсе, әрине, бас тартпаймын. Ол қазір басқа салмақта болғандықтан,қазір жұдырықтаса алмаймыз. Сондықтан оны уақыт көрсетеді. Сондықтан кім менімен жекпе-жекке дайын болса, мен де дайынмын», - деді қазақстандық.