Америкалық Нэйт Мэнесс жекпе-жектен бас тартқаннан кейін қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұловтың жаңа қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жаңа қарсылас табылды. Бұрын белгіленген күнде жекпе-жек өткіземіз. Оның қарсыласы да кездесуге шыға алмайтын болған, сол үшін екеміз жекпе-жек өткіземіз. Бірақ бұл файтердің есімін қазірше айтуға болмайды», - деді Жұмағұлов Legalbet.kz сайтына.

Айта кетейік, америкалық Нэйт Мэнесс жарақатына байланысты 6 мамырда қазақстандық Жалғас Жұмағұловқа қарсы өтетін жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Отандасымыз UFC 288 турнирінде өнер көрсетеді.