Қарағандыда хоккейден Қазақстан чемпионатының 4-інші, соңғы туры өтіп жатыр. Чемпионат 7 сәуірде аяқталатынына қарамастан, ел чемпионы анықталып қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық «Томирис» 2022/2023 жылғы ел чемпионатының алтын жүлдесін мерзімінен бұрын жеңіп алды. Қазақстандық әйелдер хоккейінің көпжылдық гегемоны алматылық «Айсұлуды» 3:1 есебімен ұтқан астаналықтар 48 ұпай жинады. 38 ұпайы бар алматылықтар енді оларды қуып жете алмайды. «Айсұлу» көп жылдан бері алғаш рет күміс жүлдеді қанағат етеді. Өскемендік «Торпедо» қола медальді иеленіп қойды – шығысқазақстандық хоккейшілер 22 ұпай жинады, алматылық «Жұлдыздан» 14 ұпайға озып кетті.

«Томирис» (Астана) – «Айсұлу» (Алматы) 3:1 (1:0, 2:1, 0:0)1:0 – Молдабай (Голотвина) – 06:44 ГБ2:0 – Жуланова (Ивина) – 21:553:0 – Оразбаева (Баранова, Филимонова) – 24:033:1 – Вильямс (Дроуин, Риу) – 36:08 ГБҚақпашылар: Щеколова – Ковальчук

Фото instagram.com/hctomiris