«Астана» баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында сырт алаңда «Ақтөбені» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 107:55 есебімен елордалық команданың пайдасына аяқталды. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы 18 ұпай жинаған «Астана» шабуылшысы Роман Марчук атанды.

4 сәуірде бұл командалардың екінші кездесуі өтеді. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады.

«Ақтөбе» – «Астана» 55:107 (15:29, 9:27, 11:27, 20:24)

«Ақтөбе»: Петришинец (11), Уапов (8), Папшив (6), Утеген (5), Двирный (5), Борматенков (5), Айтқұлов (4), Лащ (4), Назмутдинов (3), Омаров (2), Лытых (2)«Астана»:Р. Марчук (18), Вон (13), Мырзағалиев (12), Щербак (12), Симонов (9), Гаврилов (9), Оразбеков (9), М. Марчук (8), Майдекин (7), Джонсон.

Фото nbf.kz