Сербия астанасы Белградта бокстан Belgrade Winner атты халықаралық турнирі аяқталды.

Байрақты бәсекеде Қазақстанның ерлер құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. Нәтижесінде ел қоржынына бір күміс, алты қола медаль түсіп отыр.

Күміс жүлдені Қазақстанға 51 келідегі Жомарт Ержан әкелді.

Қола жүлдегерлердің қатарында Ернар Қарап (48 келі), Бекзат Алдамжаров (54 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бийбарыс Жексен (60 келі), Дархан Дүйсенбай (71 келі) және Армат Арманұлы (75 келі) бар.

Айта кетейік, Белградта өткен турнирде Қазақстанның ерлер құрамасынан 13 боксшы сынға түсті.