Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы Биксент Лизаразю Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Мишель Платини ФИФА (Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы) басшысы қызметіне тамаша кандидат екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бұл өте тамаша жаңалық. Егер бұлай болмаса, таңқалар едім. Ол УЕФА-да үлкен жұмыс жасады. Ал ФИФА-ның айналасында жанжал көп. Маңыздысы, ұйымға жаңа леп керек, Платини жаңа дем алып келе алады. Функционер ретінде мансабы тым керемет және ол алға тағы бір қадам жасай алады. Футбол футболшылардікі болу керек. Ол әрқашан осылай айтатын. Платиниді таңдау үлкен қадам болады деп үміттенемін», - деді Лизаразю