Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей сында жаңарған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өткен WTA 1000 турнирінің финалына шықса да, 7-орында қалды.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: көш басында польшалық Ига Свентек, екінші орында беларусьтік Арина Саболенко, үшінші орында АҚШ өкілі Джессика Пегула тұр.

WTA рейтингі. 3 сәуір1. Ига Свентек (Польша) — 99752. Арина Соболенко (Беларусь) — 67403. Джессика Пегула (АҚШ) — 5605...7. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 3720