Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың рейтигтегі орнын ұсынамыз:

Аса ауыр салмақта қазақстандық боксшы Иван Дычко 15-орынды сақтап қалды. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик.

Бірінші ауыр салмақта Серік Мұсәділов 15-орыннан жылжыған жоқ. Бұл салмақта чемпион - франциялық Арсен Гуламирян.

Супер орта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет сегізінші орынын сақтап қалды. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.

Орта салмақта Геннадий Головкин енді әлем чемпионы емес, GGG өткен айда титулынан бас тартты. Уақытша чемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек Ұлыбританияда аргентиналық Факундо Арсты мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін 12-орыннан оныншы сатыға көтерілді. Ал Бекман Сойлыбаев рейтингтен шығып қалды. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта алтыншы орында тұр. Бұл салмақта чемпионы - өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев.