ATP әлемнің үздік теннисшілері рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сербиялық Новак Джокович бірінші орынға қайта оралды. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас, үшінші орында грекиялық Стефанос Циципас орналасқан.

Қазақстандық Александр Бублик рейтингте сегіз сатыға төмендеп, 56-орында тұр. Тимофей Скатов 11 сатыға көтеріліп, рейтингте 144-орында.

Денис Евсеев 302-орынға көтерілді. Бейбіт Жукаев 28 сатыға көтеріліп, әлемнің 315-ракеткасы атанды.