Итальяндық «Рома» клубы лондондық «Арсеналдың» қақпашысы Войцех Щенсныйды қатарына қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Польша құрамасының қақпашысы Щенсный Серия А лигасында  2015/16 маусымының соңына дейін өнер көрсетеді. Мерзімі аяқталысымен Лондондық ұжымға қайтып оралады.

Ағымдағы маусымда 25-жастағы қақпашы Англия Премьер-Лигасында 17 ойынға қатысып 21 гол жіберіп алған.