Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 Miami Open турнирінің финалынан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады.

- Бүгін қиын күн, екінші орын, бірақ мұндағы екі аптадан көптеген позитив алуға болады. Барлығына қолдағаны үшін рақмет. Демалатын және топырақты маусымға дайындалатын кез жетті, - деп жазды Елена Рыбакина Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, бүгін, 2 сәуірде Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді.