Әлемнің 7-ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Майамидегі WTA-1000 турнирінің финалында чехиялық Петра Квитовадан 7:6 (16:14), 6:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Финалда жеңілгеніне қарамастан Елена рекорд орнатты – ол WTA 1000 турнирінің бірінде 60-тан астам эйсті бағындырған тарихтағы тұңғыш теннисші болды. Рыбакина да әлемдік рейтингте өзінің 7-ші орнын қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Майамидегі турнирдің жеңімпазы 1 262 220 доллар жинап, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.