Уимблдон-2022 чемпионы, қазақстандық Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалында чех Петра Квитовадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 7:6,6:2 есебімен 33 жастағы чехиялықтың пайдасына аяқталды.

Осылайша Елена Рыбакина мансабындағы 9-шы финалда жеңілді.

Еске салайық, Майамиде өткен WTA-1000 турнирінің жүлде қоры 8 800 000 долларды құрады.